Біз туралы

logo

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2011 жылғы қаңтарда Құқықтық ақпараттық қызмет құрылды, оның негізгі мақсаты мен міндеті халыққа барлық құқықтық сұрақтар бойынша тегін консультация беру және ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндіру болып табылады.

Қызметтің жұмыс жасауы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының Ережесін жүзеге асырумен байланысты болмақ, онда азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, сондай-ақ халықтың білікті заң көмегіне тегін қолжетімділігін кеңейту үшін барлық қажетті шараларды жасау бойынша міндеттер қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі халыққа барлық құқықтық сұрақтар бойынша тегін консультация береді, қолданыстағы заңнамалардың ережелерін түсіндіру бойынша көмек көрсетеді.

 

Жұмыс кестесі

09:00-18:30 (Астана уақыты)

Дүйсенбі-жұма
Демалыс күні: сб, жб, мейрам күндері.

Біз нені ұсынамыз

Тәулік бойы телефон арқылы кеңес беру тегін
119 бүкіл Қазақстан бойынша (ұялы операторлардан басқа)
58-00-58 (Астана, Алматы қалалары үшін)

WhatsApp мессенджері арқылы құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру (+77086935631)

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша, сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар, өтініштер қабылдау

Консультациялар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі





ҚР НҚА ДБ «Виртуалды кеңесші» (чат бот) виджеті арқылы құқықтық кеңес беру (http://adilet.zan.kz/kaz)

ҚР НҚА ДБ өтініштер модулі арқылы құқықтық кеңес беру (http://adilet.zan.kz/kaz/legal_advice/form)

ҚР ӘМ сайтындағы Сұрақ-жауап айдары арқылы құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру (https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/virtual-reception/question?lang=kk)

ЗҚАИ сайтындағы Сұрақ-жауап айдары арқылы құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру (http://www.zqai.kz/kk/ask)